Қаңтар
«Қарасу ауданының білім бөлімінің Айдарл жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Солнышко» шағын орталығының тәрбиешісі О.В. Глухенко мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған ата - аналарға арналған КП жоспары бойынша «2 жастағы балаларда ұсақ моториканы дамытуға арналған 15 пайдалы ойын» тақырыбында әңгімелесу-консультация өткізді.
Тапсырмалар:
- Баланың дамуындағы ұсақ моториканың рөлі туралы ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру.
- Ұсақ моториканы дамыту үшін дидактикалық материалдың түрлерімен таныстыру.
- Ата-аналарды ұсақ моториканы дамыту үшін материалдарды өз бетінше таңдау қабілетіне үйрету.